11.01.2017, 12:26
Оқылды: 15

Жас туристер жүлдемен оралды

janibek-jas-turister-jyldemen-oraldi  Көкшетау қаласында оздырылған туристік көпсайыс бойынша ҚР Кубогіне Жәнібек ауданының оқушылары облыс құрама командасының сапында қатысып, бірнеше жүлделі орындарды иеленді.

  Атап айтсақ, №1 мектептің 7-сынып оқушысы Әсем Қамит «Байламалар» мен «Жеке» дистанциясында сәйкесінше екінші және үшінші орындарды, ал Т.Жароков атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Мәдина Сағадетова командалық сында екінші орынды олжалады.


  Ауданға жүлдемен оралған оқушыларды аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов арнайы қабылдады. Басқосу барысында Миранбек Нұрланұлы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, республикалық жарыста облыс намысын қорғап келген қос қыздың жүлдесіне аудан халқы болып қуанғанын жеткізді. Ол сондай-ақ, аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен мектептен тыс жұмыстар орталығының күрделі жөндеуден өткен ғимаратқа қоныстануы оқушылардың шеберліктерін шыңдауға қолайлы жағдай туғызғандығын атап айтты. Емен-жарқын әңгіме барысында сөз алған оқушылар жарысқа дайындаған және барып-қатысуына қолдау білдірген аудандық білім беру бөлімі мен аталған мекемелердің ұжымдарына ризашылығын білдірді.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале