3.03.2017, 16:28
Оқылды: 97

Жастар әдеби кеш ұйымдастырды

Зеленов ауданы Переметный ауылының жастары «Алтын дәнді жасыл өлке» атты әдеби караоке кешін ұйымдастырды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2016-2018 жылдарға арналған «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» жобасының аясында өткен кешке аудан орталығындағы барлық мекемелер мен бөлімдерде қызмет атқаратын жастар жиналды.

Ерекше шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Жеңісгүл Жаңабаева дайындаған «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Ойын түрінде өткен әдеби кеште жергілікті ақын-композиторлардың шығармалары жасырылды. Сондай-ақ жұлдызды сұрақ атты сергіту ойыны қатысушылардың көңілінен шықты.

Шара барысында жерлес ақын Құмар Ғұбайдолланың сөзіне жазылған жас композитор Ақан Жекековтың «Ауданым достық мекені» атты жаңа әнінің тұсауы кесілді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале