4.10.2018, 18:19
Оқылды: 38

Жастар бастамаларын қолдау жобасы жүзеге асуда

Облысымызда «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» жобасы бойынша семинар өтуде

 IMG_8341Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» жобасы облысымыз бойынша алғашқы семинар өтті.

Елімізде қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйытқы болуымен қолға алынған жастар бастамаларын қолдау жобасы жүзеге асуда. Бұл маңызды шараны еліміз бойынша «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.

Жобаның жетекшісі – «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының директоры Арман Әубәкір және «Телегей» қоғамдық бірлестігінің директоры, БҚО бойынша жобаның менеджері Нұрлан Сәдір аталған семинарда аудан ауылдарынан жиналған оқушыларға, қыз-жігіттерге осы жайында кеңінен әңгімеледі.

Әсіресе, жоба бүгінде мектеп оқушылары – ұл-қыздардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық әлеуеттерін арттыру, әлеуметтік еріктілер қозғалысын жандандыру, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді насихаттауды мығым мақсат етіп алға қойған. Таяудағы келер күндерде-ақ нәтиже күтілуде. Ауқымды сараптамалар жүргізілетін болады. Ақжайық ауданы бойынша білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Әлия Сапарғалиева жобаны жүзеге асыруға жауапты маман болып бекітілді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале