2.03.2018, 11:15
Оқылды: 17

Жастар кеңесі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Өткен жылы аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Жұлдыз Асқардың аудан жастарын ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық жобасы өмірге келіп еді. Сол жоба аясында аудан округтеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы  қайырымдылық кеші  жүргізіліп, одан түскен 700 мың теңге қаражат сол балалардың  дәрігерлік ем алуына жұмсалған болатын. Бұл жағымды жаңалық республикалық басылымдарда да жарияланды. Ал биылғы жылы Жұлдыз Асқар аудандық Жастар кеңесінің төрайымы қызметіне сайланғаннан кейін  бұл жоба қайтадан жалғасын тапты.

1 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Қазталов ауданы жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық  шарасы  өтті. Бұл қайырымдылық шарасы кішкентай  Гүлназым Тілекқызына арналды.

Нәтижесінде өткен қайырымдылық кештің барысында қайырымды жүректердің арқасында 250 мыңдай қаражат жиналып, бұл қаражат апасы Мөлдірге  табысталды.

Сонымен қатар жүрек жарды сөздерін арнаған Қазталов ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқанғали Бектілеу, аудандық мәслихат депутаты, облысқа белгілі «Атымтай»  Нұрлыбай Жолдыбаев өздерінің  қаражаттарын табыстады. Сондай-ақ осы кеш барысында мәдениет үйінің фойесіне қойылған арнайы жәшікке қайырымдылық кешіне келгендер  қаражаттарын  салып, тілек бұрышына лебіздерін жазды.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале