17.09.2020, 11:01
Оқылды: 110

«Жастар керуені» жобасы Казталов ауданында болды

16 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас дем» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жастар керуені» жобасы аясында аудан орталығында жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын түсіндіру мақсатында аудан жастарымен кездесу өтті.

IMG_3602

Ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, жаңа жобалардың іске асуына атсалысуға шақыру мақсатындағы кездесу аудандық мәдениет үйінен бастау алды.

«Жастар керуенінің» мақсаты мен міндеттері түсіндіріп өткен модератор Талғат Мәуленовтың алғы сөзінен соң керуен спикерлері таныстырылды. Жандос Сұңғатов, Мұхит Тұрғынғали, Бейімбет Дүйсенәлі, Жазира Бексариева, Ержан Есенгубеков және Аманжол Нигметов жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, еркін форматта пікіралмасты.

IMG_3656

Кездесудің ресми ашылуынан соң «Жас отбасы тәрбиесінің өміріне әсері», «Бизнес идея таңдау және қаржылық сауаттылық» тақырыптарында смениар-тренингтер оздырылып, аудан жастары өз белсенділіктерін көрсетті.

IMG_3701

- «Жастар керуені» алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жастардың семинар-тренингтерге белсенді түрде атсалысып, өз ойларын ашық білдіруіне психолог маман ретінде оң баға беремін. Себебі, жастардың бойында өмірге деген құштарлық пен саяси сауаттылықтың қалыптасуы көңіл қуантарлық жай.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жиі айтатыны белгілі, ал аудандарыңызда белсенді жастардың өсіп келе жатқандығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдететіні сөзсіз, - дейді психолог маман, тренер Жазира Бексариева.

Жоба аясында самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ерасыл Бақыт жастарды самбоның айла-тәсілдерімен таныстырып, "Football Freestyler" шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, жастар жоба жетекшілері әзірлеген жазбаша сауалнаманы толтырып, өз ойларын жазбаша түрде де жеткізе білді.

- «Жастар керуені» жобасы жастарға үлкен серпін берері сөзсіз. Себебі, бүгінгі кездесудің өзінде жастар кәсіпкерлік жөнінде көптеген мағлұматтарға қанық болып, семинар-тренингтер арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Жас кәсіпкер ретінде айтарым кәсіп ашудан қаймықпай, қалада кәсіп ашуды мақсат етпей, ауылды дамытуға ат салысса нұр үстіне нұр болар еді?! - дейді жеке кәсіпкер Алтынбек Шаханов.

Асылбек Нәсіпқали,

                                   Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале