7.06.2017, 15:48
Оқылды: 39

Жастар қызығушылық  танытты

Теректі аудандық соты төрағасы Марат Маликов «Ашық есік» күнін өткізді. Осы мүмкіндікті пайдаланған сот қызметкері болуға үміткер жас мамандар келіп, сот қызметімен танысты.


Еліміздегі әділдіктің негізін жүзеге асырушы сот қызметінің қиындығы мен жауапкершілігі зор. Дау-дамай, шиленіскен мәселелерде ең соңғы жүгінер орын – әділ сот. Сондықтан сот қызметі немқұрайлықты көтермейді. Осы жауапты істі атқаруда соңғы жылдары жаңа технологиялар енгізілді. Елбасы жариялаған Ұлт жоспарында көрсетілгендей,  сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, соның ішінде заман талабына сай дыбыс-бейнежазу құрылғыларын пайдалану аудандық сотта қолға алынған. Сот органдары өзара «Төрелік» бағдарламасы арқылы электронды хат-хабар алмасады. Тағы бір халыққа қызмет ететін онлайн- сервис - «Сот кабинеті» бірыңғай ақпараттық терезесі де азаматтардың сотқа жүгінуін жеңілдетіп отыр.

Осындай сот қызметі, оның жұмыс жүйесімен таныстырған Марат Маликов қызығушылық танытқан жастардың еңбек жолына сәттілік тіледі.

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале