19.07.2017, 15:43
Оқылды: 73

Атамекен ауылында І жазғы спартакиада өтті

Taskala jastar sportpen birge  «Expo 2017» халықаралық көрмесі аясында «Намыс» ЖҚБ мен Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың  ұйымдастыруымен Атамекен ауылында І жазғы спартакиада өтті. Оған ауылдық округтерден келген спортшылар қатысып өзара бақ сынады.

   Ашылу салтанатында  сөз алған ауылдық округ әкімі Е.Төлепкалиев: -Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың жемісі,-дей келе жарысқа  қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай үміткерлер президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, үстел теннисі мен дойбыдан бақтарын сынады.


   Күн ұзаққа созылған додада үстел теннисінен ерлер арасында Достық ауылдық округінен А.Сапарғали мен Мереке ауылдық округінен А.Айсағалиев жүлделі ІІ-ІІІ орындарды бөліссе, Мерей ауылдық округінің намысын қорғаған Б.Бисембиев І орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында Қосшы ауылдық округінен келген А.Қапенова ІІІ орын, Мерей ауылдық округінен А.Избанова ІІ орынды иеленсе, Достық ауылдық округінен Ә.Бекешева І орынды жеңіп алды.

   ПВ ату спорт түрінен ерлер арасында Атамекен ауылдық округінің спортшысы А.Меңдібаев ІІІ орын, Мереке ауылдық округінен В.Альбетьяров ІІ орынды иеленсе, Қосшы ауылдық округінен Е.Кулкашев І орынды қанжығаға байлады. Әйелдер арасында Атамекен ауылынан Н.Жексенова ІІІ орынды, Қосшы ауылдық округінен келген А.Сұлтангалиева ІІ орынды иеленсе, жүлделі І орын  Мереке ауылдық округінің намысын қорғаған Н.Сарбаеваға бұйырды.

   Әйелдер арасында өткен дойбы түрінен бақ сынасқан А.Қапенова, Қ.Жанжігітова мен Д.Қуанышевалар жүлделі орындарды бөлісті. Бұдан басқа президенттік көпсайыс бойынша бәйгеге түскен спортшылар да мінбеден көрініп, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Әсемгүл Сарікқалиқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале