2.06.2017, 17:36
Оқылды: 31

Жастар Хан Ордасына жиналды

Хан Ордасы ауылында «Туған жеріме тағзым» атты жастардың танымдық шарасы өтті.


Шараға Бөкей ордасы, Жаңақала, Жалпақтал және Жәнібек колледжінің студенттері қатысты. Алдымен олар Жәңгір хан, М-С.Бабажанов және Дәулеткерей кесенелеріне тағзым етті.

Ауылдық Мәдениет үйінде «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді. Майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев, еңбек ардагерлері Сисен Байзонов, Алтын Бисалиева, Ырыс Ислямова бастан кешкен, өздері куә болған тарихи оқиғалардан әңгіме қозғап, сыр шертті, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шараға қатысушылар Бөкей ордасы тарихи-музейі кешенінде де болып, Хан Ордасының тарихымен танысты.

Орман шаруашылығы мекемесіне экскурсия жасаған жастар табиғат аясында спорт ойындарын ұйымдастырды.

 Әсемгүл ХАЛИОЛЛИНА,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале