31.05.2020, 18:14
Оқылды: 302

Жастар жиналып ауылдасына үй алып берді

Ақжайық ауданындағы Базаршолан ауылдық округіне қарасты Баянтөбе ауылының жастары аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жан Жәрдем Шариповке тұрғын үй алып берді.

898513C0-3EAF-4622-BCEA-1D21EF88D823

-Осы жылдың басында Баянтөбе шағын елді мекенінің, бірақ қазіргі уақытта Алматы, Атырау, Оралда тұратын ауыл жастары арасында WharsApp желісінде арнайы топ құрылып, жаз мезгілінде басқосу ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтылған еді. Осы ұсынысты талқылағанда тек басқосу емес, осы ауылда мекен етіп, қазіргі таңда бұл өмірден өтіп кеткен ауылдастарымызға Құран бағыштау, ауылға бірнәрсе тарту ету немесе қайырымдылық көрсету жөнінде пікір алмасып, соңында қазіргі таңда үйі апатты жағдайдағы ауылдасымыз Жәрдем Шариповке ауылда саттыққа қойылған бос үйді алып береміз деп шештік. Ауыл жастары тарапынан 400 мың теңгеден астам қаражат жиналып, үй алынып, оған шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деп бізге хабарлады аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Артур Ермұқанов.

Жәрдем Шарипов Баянтөбе ауылында өмір бойы қызмет еткен, 3 баласы бар, аз қамтылған, ешбір ағайыны, қолдаушысы жоқ мүмкіндігі шектеулі азамат.

Осы уақытқа дейін апатты үйде тұрып жатқан Ж.Шарипов тұрғын үй алып беріп жатқан ауылдас інілеріне ризашылығын білдірді. Тұрғын үй табыстау шарасына ауылдық округ әкімі Е.Темірғали, аудандық мәслихат депутаты Қ.Таспай қатысты.

6DB08CB1-30A2-4C81-92D7-B9866CCFF712

Жаңа шаңырақта садақа берілді. Осы садақаның бүкіл қажетті қаржысын ауыл жастары көтеріп алды. Сонымен қатар сатып алынған үйге ауыл әкімшілігінің қолдауымен су жүргізілді. Ал бүгінгі басқосуда ауыл жастары қиын жағдайдағы ауылдас ағамызға алдағы уақытта қысқы отынмен көмектесетінін жеткізді.

AAC52A45-0477-4C5E-9D5D-52C831877943

Баянтөбе ауылында қазір 114 тұрғын бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале