26.04.2017, 11:05
Оқылды: 56

Жастарда – жаңа басшы

Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы лауазымына тағайындалған Эльдар Амантаевты мекеме ұжымына таныстырды.


Амантаев Эльдар Ниязбекұлы 1989 жылдың 23 ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген.

1995-2006 жылы Қоскөл ауылындағы орта мектепті бітірген.

2006-2010 жылдары Жәңгірхан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін машина жасау мамандығы бойынша бітірген.    2014-2016 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-ды спорт және дене шынықтыру бөлімін тәмамдады.

2010 жылы «Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері» қауымдастығында жұмыс жасаған.

2011 жылы «Казстроймост» компаниясында инженер болып еңбек еткен.

2011 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың мамырына дейін Қоскөл ауылдық округінің «Қарлығаш» балабақшасында жұмыс жасаған. Қоскөл ауылында 2015 жылдың шілде айынан бастап Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурсының жетекші маманы болып жұмыс жасап келді.

Отбасылы, 3 қызы бар.

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале