5.07.2018, 16:07
Оқылды: 72

Жастардың кездесу кеші өтті

DSC_0004Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында ашылған коворкинг орталығының аумағында Астана қаласының 20 жылдығына орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Асқақта, жас Астана!» атты кездесу кеші өтті.


Кездесуге Астана қаласындағы әр салада жетістікке жетіп жүрген аудан түлектері, меймандар шақырылды. Айталық, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Нұрлан Өтешов, «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы төрайымының орынбасары Бекарыстан Аманжолов, Назарбаев университетінің математика және экономика факультетінің ғылым және технология мектебінің төртінші курс студенті, тайпақтық Мөлдір Макимова, Қазақ Ұлттық өнер университеті музыка факультетінің үшінші курс студенті, көнеккеткендік Әли Орынов мінберге шығып, жаңа елордамыздың халықтың ерлігі, Елбасының жеңісі туралы әңгіме өрбітті.

Nurlan UreshevОсында аудан әкімі Ә.Т.Жоламанов жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы жастар саясатының жүзеге асуы хақында баяндады.

Жиналғандардың сұрақтарына жауап берген спикерлер Астана қаласының айшықты жерлері, тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың ерен еңбегі хақында толғамдарымен бөлісті.

Н.Өтешов жастардың жетістікке жету жолдары жайында өз тәжірибесімен бөліссе, Б.Аманжолов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына әрбір жастың атсалысуы керегін айтты. Әсіресе, тәлім-тәрбие, ұлттық DSC_0111құнылықтар туралы сөз қозғады. Ә.Орынов өнерге таласы бар жастарға бағыт-бағдар берді. Ал М.Макимова жаңа заман технологиялары жайында, оқушыларды логикалық ойлауға машықтандыру, сондай-ақ жаңартылған білім беру мазмұны хақында өз пікірін ортаға салды.

Шара барысында «Ару қала, арман қала, бас қала!» атты үш тілді кітап көрмесі таныстырылып, аудандық мәдениет қызметкерлері мен жергілікті өнерпаздардың күшімен дайындалған концерт қойылды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген

Мейірбек ТӘЖҚҰРАНОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале