1.02.2017, 10:43
Оқылды: 49

Жастармен жұмыс жөніндегі кеңес отырысы өтті


Kaztalov jastarmen kenes otti  
Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен жастармен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары, ауылдық округ имамдары, жастар  қатысты.


  Кеңесте  аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлан Кенжин атқарылатын істері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Бостандық, Жаңажол ауылдық округтері бойынша жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары Қайрат Науханов пен Ерхат Бекмулдин жастар саясатын жүзеге асыруда бірігіп жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.

  Кеңейтілген отырыста БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық   орталықтың басшысы Кенесары Нұршинов: «Бүгінгі таңда елімізде жастарға қатысты маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жоғарғы деңгейде іске асырылуда. Осы орайда аудан жастары қандай да болмасын бағдарламалардың жүзеге асуына атсалысып, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсетіп келеді. Бұның  өзі жастар саясатының дұрыс бағытта дамығанын байқатады», -деді.

  Кеңес соңында жастар өкілдері Елбасына Жолдауының үндеуіне қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұлдыз АСҚАР

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале