23.07.2020, 15:42
Оқылды: 76

"Жасыл ел" еңбек жасағының жұмысы жалғасуда

Маусым айында басталған "Жасыл ел" еңбек жасақтары қазір екінші кезеңде жұмыстарын жалғастыруда.A17EA703-B315-47C3-A28C-535CAFB51122Бүгінгі таңда Бәйтерек ауданында 40-тан астам белсенді жас «Жасыл ел» қатарында жүр. Белсенді жастар негізінен Переметный, Мичурин, Дариян ауылдық округтерінде шоғырланған. Әзірге 26 студентті жұмыспен қамтыған Дариян ауылы бұл көрсеткіш бойынша алда келеді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиеваның айтуынша, "жасылелдіктер" саябақтар мен ескерткіштер маңын тазартып, ауыл ішін абаттандырумен айналысады екен. Сондай-ақ "Таза жағалау", "Ардагерлерді ардақтайық" акцияларына белсенді қатысып, қайырымдылық істен де шет қалмайтын көрінеді.

- Қазіргі елдегі орын алған шектеу жастарға жұмыс табу жағынан біраз қиындық келтіргені рас. Жазғы демалысымыз да ойдағыыдай өтпеді десек болады. Өткен айда "Жасыл ел" еңбек жасағы жинақталып жатқанын естігенде қатты қуандық. Команда жасақтап, 1 шілде күні екінші кезеңмен жұмысымызды бастап кеттік. Тобымызда 7 қыз, 3 ұл бала бар. Бәрі де белсенді және еңбекқор. Мичурин үлкен ауыл, сондықтан жасаймын деген адамға жұмыс табылады. Алдымыздан шыққан қиындықтарға қарамай жұмысымызды уақытынан бұрын тапсырып жүрміз. Волонтерлық жұмысымызды да ұмытпай, ардагерлерімізге барып, қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Барлық жұмысты санитарлық нормаларды қатаң сақтап атқарып жүрміз. Игі істерімізбен ауыл тұрғындарына үлгі көрсеткіміз келеді, - дейді Мичурин ауылдық округіндегі "Жасыл ел" жасағының сарбазы Залина Арбиева.  

       Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан жастар жұмысының биылғы шектеулерге қарамастан қолға алынғаны қуанарлық жайт. Ауылдың гүлденуіне жастардан құралған еңбек жасақтарының үлесі мол.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале