4.08.2020, 16:16
Оқылды: 648

Жауапсыз мердігер жерге қаратты

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапары кезінде Бөкей ордасы ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

E07928FC-A307-4FE5-ACE4-8E060B9B3DFD

Кешен құрылысына тапсырыс беруші – «ҚПО б.в.» компаниясы. ДСК ғимаратының іргетасы наурыз айында құйыла бастапты. Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасы тұрғызылды. «Сайқын ауылындағы спорт нысаны 160 адамға арналған. Құрылыс учаскесіндегі жұмыс қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаны ҚПО қаржыландырып отыр», – деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қобылан Жанғалиев.

B74CAECD-9F19-431A-97D0-1159B5C916FD

«ҚПО б.в.» қаржыландыруымен дәл осындай кешен құрылысы Жәнібек ауданында 2019 жылдың маусым айында басталған. Кешен ғимараты екі қабатты болуы тиіс. Ғимарат аумағы – 1274 шаршы метр. Биылғы мамыр айында ДСК-ны тастүйін дайындап, пайдалануға беруі тиіс бас мердігер – «Марасант» ЖШС салғырттығынан құрылыс учаскесі қаңтарылып тұр. Кешен аумағында ғимарат қаңқасы ғана қалқияды. Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғали Есқалиев «ҚПО б.в.» компаниясының өкілі Ержан Әубәкіровке кешен құрылысын жыл соңына дейін аяқтауға тапсырма берді. Ержан Әубәкіров компания заңгерлері «Марасантпен» келісімшартты бұзуға дайындалып жатқанын айтты.

967E1674-BE12-428E-8DB6-75B110BB5AC2

– «Марасант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мойнына алған міндетіне жауапсыз мердігер болып шықты. Құрылысты жыл соңына дейін бітіретін басқа мердігер табу керек. Бұл бағытта тапсырыс берушіге ұсыныс беруге дайынбыз. Басқа аудандардағы ДСК ғимараттары қарқынды салынуда. «Марасант» қолға алған құрылыс нысандарында кемшілік көп. Онымен келісімшартты бұзып, басқа компаниямен келісіп, жыл соңына дейін кешен құрылысын аяқтаңыздар,  – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.  

A713D3A0-EBA6-4B0A-954E-224C9B67A921

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале