19.04.2017, 17:13
Оқылды: 19

Жазасын өтегендер жұмыссыз қалмайды

Бұл жайлы Қаратөбе ауданы прокуроры Ғалымбек Мұхитов консультативтік-кеңесші орган өткізген дөңгелек үстелде айтты.


Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарды кәсіби білім беруге, әлеуметтік немесе тұрақты жұмысқа орналастыру туралы аудандық пробация қызметінің инспекторы Нұржан Есқара статистика бойынша мәлімет келтіріп, баяндама жасады.

2017 жылдың І тоқсаны бойынша жұмысқа орналастырылған немесе алдағы уақытта есепте тұрған сотталған тұлғалар жұмысқа орналасу мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Батырғали Тойшыбаев хабарлама жасады.

Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов Аққозы ауылында тұратын қоғамнан оқшауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тұрмыс жағдайы мен жұмысқа орналасулары жөнінде жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын соңында аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов ауылдық округ əкімдеріне сотталғандардың жұмысқа тартылуын қадағалауды міндеттеді.

 Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале