15.02.2017, 15:51
Оқылды: 38

Жеке мәселелеріне құлақ түрді

«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Қабылдауға келген тұрғындар жұмыс, ауыз су, тұрғын үй, оның ішінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен берілетін баспана мәселесін сөз етті. Сондай-ақ қабылдауда болған кейбір тұрғындар материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж екендіктерін жеткізді. «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға ниетті тұрғындар аталмыш бағдарлама аясында берілетін біржолғы ақылы көмекті алудың шарттарын білгісі келетіндіктерін қабылдау барысында тілге тиек етті.                                                    

Аудан басшысы Н.Қарағойшин қоғамдық қабылдаудың қорытындысы бойынша бірқатар мекемелердің басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале