6.02.2020, 18:22
Оқылды: 54

Жемісті аяқталған жыл жаңа жетістіктерге жетелейді

Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетовтың халық алдындағы алғашқы есептік кездесуі өтті. Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, облыстық және аудандық мекеме-бөлім басшылары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

chingirlau (11)

Жиын басталмас бұрын Мұхтар Наурызбайұлы аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі дайындаған алдағы уақытта жүзеге асыралытын жалпы құны 578 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жобалармен танысып, аудан кәсіпкерлерінің халыққа ұсынып жүрген тұрмыстық, кондитерлік, өндірістік, ағаш және темірден жасалған бұйымдарына назар аударды.

Есептік кездесу 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы бейнефильмнің көрсетілуімен басталып, одан әрі аудан әкімінің баяндамасына жалғасты.

chingirlau (2)

Шыңғырлау ауданының жақсы көрсеткіштерінің бірі көгілдір отынмен 100 пайыз, ауыз сумен 85 пайыз қамтылуы. 2018 -2019 жылдары төрт елді мекенде сапалы ауыз су қосылды.

Аудан әкімі Биыл Шыңғырлау ауылында дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталатынын және аудан орталығына инженерлік-инфроқұрылым салуға, 3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үй, ауданның 4 ауылына 10 екі пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалар дайындалып, ұсыныстар жолданғанын хабарлады.

mankeev (2)

Есепті жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы, депутат Г.Волкогон халық атынан бірнеше мәселені көтерді. Халық қалаулысы тұрғындардың жиі көтеретін мәселесі - Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ақбұлақ ауылына мәдениет үйін салу, Шыңғырлау ауылының темір жол аумағындағы мәдениет үйіне, Ақшат ауылындағы А.Тихоненко атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу, Ардақ, Ақтау, Қарағаш елді мендеріне ұялы байланыс орнату, Алмаз, Ақтау ауылдарына таза ауыз су жіберу, тозығы жеткен электр сымдарын жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етуін сұрады.

Бұдан өзге жиынға қатысушы тұрғындар субсидия алуды бір жүйеге келтіру, жедел жәрдем жұмысындағы ыждағаттылық, аудан орталығында радио және телехабар таратуды жандандыру секілді мәселелерді Мұхтар Наурызбайұлының назарына салды.

 Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев жұртшылықтың аманатын жеткізген аудан белсенділері мен тұрғындарға көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылатынын хабарлады.

chingirlau (19)

Есептік жиыннан соң М.Манкеев аудан тұрғындарына жеке сұрақтары бойына қабылдау жүргізді.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале