6.12.2019, 11:43
Оқылды: 45

Жемқорлықтан жирену керек

Жаңақала ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Саметтің Жаңақала ауданы активімен кездесу отырысы өтті.

janaqala jem (3)

Алқалы жиынға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы төрағалық етіп, күн тәртібін хабарлады.

– Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша «Трансперейнс Интернейшнл Казахстан» қоғамдық қорымен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша актив отырысын өткізгелі отырмыз, - дей келе аудан басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған істерді баяндап, облыс орталығынан келген қонаққа сөз берді.

janaqala jem (1)

Басқосуда Нұрдәулет Илиясұлы жемқорлықтың қауіпті індет екенін, одан жирену керектігін айтып, жемқорлық жасағандардың, мемлекет қаржысын жымқырғандардың жазасы да жеңіл болмайтындығын жеткізді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың облыс көлемінде жай-күйін баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Одан әрі жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін жолдады.

Жиынды аудан әкімі Н.Қарағойшин қорытындылады.

Ақсұңқар Сәдір

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале