3.03.2017, 16:04
Оқылды: 40

Жеңімпаздарды қабылдады

 

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов облыстық чемпионатта аудан намысын қорғап, жеңімпаз атанған спортшыларды қабылдады.


Айта кетейік, Орал қаласында 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өткен болатын. Қаратөбелік Ержан Ерболат (40 келі), Нұржан Нұрбеков (45 келі), Сүйесін Құмаров (80 келіден жоғары) қол күресінен І орын алып, республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Мербол Мағзомұлы спортшылардың дайындық барысын пысықтап, Алматы қаласында өтетін чемпионатта сәттілік тіледі.

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                               Қаратөбе ауданы   

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале