5.05.2018, 14:11
Оқылды: 23

Жеңіс мейрамын ақжайықтықтар ерекше атап өтпек  

IMG_2178Ақжайық ауданында ұлттық спорт түрлерінен бәсекелер кең көлемде ұйымдастырылады.

Ақжайық ауданының көптеген ауылында Ұлы Жеңіс күні құрметіне ұлттық спорт ойындары кең көлемде өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бәйгеге қатыстырылатын қылқұйрықтардын қатары қалың. Сонымен қатар бұрын сирек өткізіліп келген асық ату, аударыспақ секілді ойындар 18 ауылдық округтің барлық дерлік елді мекенінде өтеді. Қазақ күресінен, «Өгіз балуан», «Түйе балуан» атақтары үшін белдесулер болады. 7 мамырда Бударин ауылдық округінде 24 шақырымға жабы құлқұйрықтарының жарысына демеуші болатын үш, яғни «Көшім», «Атамұра», «Еділбай» шаруа қожалықтарынан жүлдеге мал беріледі. 9 мамырды Алғабас ауылдық округінде атжарыстың үш түріне және басқа спорттық бәсекелерге 27 шаруа қожалығының иегерлері демеушілік жасайды. Көптеген ауылда мерекелік шараларға әр жылдағы мектеп түлектері де демеушілік көрсетеді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале