6.01.2017, 10:50
Оқылды: 19

Жеңіс сарбазына сый-құрмет

????????????????????????????????????

  Жалпақтал ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмат Сәрсембиевке облыс әкіміуданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова табыс етті.

  Аға буынның соғыста көрсеткен ұлы ерлігі мен тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне қосып отырған үлестерін ерекше атап, алғыс білдірген облыс әкімінің тілегін жеткізген аудан басшысының орынбасары майдангерге Жаңа жыл құт-береке әкеліп, арамыздан аман жүріңіз деген тілек білдірді.


  -Бүгінде біздің ұрпағымыздың бақытты ғұмыр кешуін көргенде тәубе дейміз. Соғыс енді болмасын, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Жастар тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтау үшіне білім алып, қажырлы еңбек етсін. Елбасымыз жаңа жетістіктерге, табыстарға бастай берсін,-деп ақжарма тілегін ағытқан Жұмат ақсақал келгендерге ас-дәмін ұсынып, Жаңа жыл дастарқанына шақырды. Сонымен қатар майдангерге «Самырұқ-Қазына» АҚ атынан ақшалай сыйлық та табысталды.

  Кездесу соңында Жұмат атамыз облыс, аудан басшылығына ризашылғын жеткізіп, ақ батасын берді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале