3.05.2017, 10:49
Оқылды: 22

Жеңіс тұғырында – қаратөбеліктер

Karatobe armestling  Тасқала ауданында қол күресінен (армрестлинг) 2000 жылы туылған жəне одан төмен жасөпірімдер арасында өткен ашық аудан біріншілігіне қатысқан Қаратөбе ауданының құрама командасы жүлделі орындардан көрінді.

  Жалпы 8 команда, 100-ден астам спортшы қатысқан сайыс қорытындысында, қаратөбелік спортшылардан 35 келі салмақ дәрежесінде Мерей Құмаров І орынға, 40 келі салмақта Дияс Жұмағали І орынға қол жеткізді.


  Ал  50 келі салмақта І орынды Ержан Ерболат, ІІ орынды Мейірім Құмаров, ІІІ орынды Руслан Құсанов місе тұтты.

  55 келі салмақ дәрежесінде Жандарбек Ниязов І орыннан, Али Шайжанов ІІІ орыннан, 60 келі салмақта Наурызбек Қуандықов І орыннан, Нұрсұлтан Беріков ІІІ орыннан көрінді.

  Жас спортшылардың жетекшісі – аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале