6.05.2020, 15:03
Оқылды: 60

Жеңісті жақындатқандар ұмыт қалмайды

Мынау жарқын мерекені бізге қасық қанымен, өшпес ерлігімен, балғын жастығымен алып келген аға ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. «Майдан үшін, Жеңіс үшін» деп бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де қосқан үлестері ұшан-теңіз. Биылғы атаулы мерекеге дайындық Шыңғырлау ауданында жыл басынан басталды.

F30D800D-47F1-4FF7-A25E-72B16A7326FF

-Төл мерекеміз Наурызда ауданымызда тұрып жатқан 105 тыл еңбеккеріне 30 мыңнан ақшалай сыйлық берілді. Енді, міне, тағы да бір қуанышты жаңалық өз кезегін күтіп тұр. Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің атынан келген медаль 106 адамға Жеңіске қосқан үлесі үшін тапсырылмақ. Бұл мерейлі шара аудан көлеміндегі мекеме-ұйым басшыларының тікелей қолға алуымен жүзеге асырылып, әр медаль өз иелеріне табыс етілмек,- дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұханов.

Бұдан өзге дәстүр бойынша жергілікті жерлерде ардагерлердің ұрпақтарына, тыл еңбеккерлеріне мерекелік құттықтау рәсімдері жасалмақ. Иә, қандай жағдай орын алмасын, аталардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Бұл күні әр отбасы ата-әке аруағына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа тағылым ретінде міндетті түрде атап өтуі тиіс деп ойлаймыз.

                                                      Назым Айқын

Шыңғырлау ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале