3.04.2017, 17:02
Оқылды: 17

Жер қойнауын барлағандар

Теректі ауданы әкімінің орынбасары В.Кушнер «Жайықгидрогеология» ЖШС еңбек ұжымын төл мерекелерімен құттықтады. Айта кетейік, сәуір айының алғашқы жексенбісі еліміз бойынша геологтар күні тойланады.

«Жайықгидрогеология» «Ақжайық» минералды және емдік-асханалық суын еске түсіретіні белгілі. Жер асты су көздерін іздеумен және барлаумен айналысатын аталмыш мекеме республика көлемінде үлкен беделге ие.

Тарихы 1954 жылдан бастау алатын мекеменің тыныс-тіршілігі жайында баяндаған серіктестік директоры Бисен Даумов атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, алдағы міндеттерді саралады.

Одан соң аудан әкімінің орынбасары В.Кушнер ұжымды 20 жылға жуық басқарып келе жатқан Бисен Ғайнышұлына мерекелік медаль, сонымен бірге облыс әкімі А.Көлгінов пен аудан әкімі М.Мұқаевтың құттықтау хаттарын табыс етті.

Өз кезегінде серіктестік басшысы аудандық әкімдікке ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шығарылған кітапты тарту етті. Жинақта еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірлестіктермен қатар «Жайықгидрогеология» ЖШС аталады.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале