10.01.2017, 14:58
Оқылды: 20

Жергілікті атқарушы органның есебі тыңдалды

janibek-jergilikti-atkarushi-organ  Жәнібек ауданы әкімдігінде  аудандық қоғамдық кеңестің отырысы оздырылып, онда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы қоғамдық кеңестің алдында есеп берді.


  Жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев баяндамалар жасады. Баяндамалар бойынша жарыссөзге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Амангелді Уәлиев, қоғамдық кеңес мүшесі, еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиев қатысып, ауданда озған жылы атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Аудандық қоғамдық кеңестің отырысына облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысып, сөз сөйледі.

                                                                       Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале