28.03.2017, 18:20
Оқылды: 68

Жерлестер жеңісі

shingirlau sport  Орал қаласында өткен спорт ардагері Тілекқабыл Камзиевті еске алуға арналған самбо күресінен ІІ республикалық турнир өтті.

  Байрақты бәсекеге Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысы, Орал қаласы мен облысымыздың аудандарынан жасөспірім спортшылар қатысты.


  Осы тартысты өткен турнирде шыңғырлаулық жас спортшы Ернар Жүсіпов 66 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды жеңіп алды.

  Турнирдің спорт шеберлері арасындағы тартыста аудан, облыс және республикаға танымалы спортшы, 2011 жылғы Қысқы Азиада ойындарының алаугері, шыңғырлаулық Қайсар Құсайынов 74 келі салмақ дәрежесінде І орын алды.

Әлібек Сарбалиев,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале