Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі бойынша қазір 18 мал орнында 15 шаруашылықтың түлігі қыстатылуда. Қыстақтарда шаруашылықтардың 2848 бас ірі қара, 7379 бас ұсақ мал, 1881 бас жылқы мен 5 түйесі бар.
-Қыстақ қалыпты өтуде. Біздің округімізде қойлар үшін жайылым желтоқсан айының аяғында ғана жабылады. Жылқылар әлі тебінде. Қазір үйірлер Айдын, Қойлыбай және Қарақамыстың шағылдарында жүр, - дейді округ әкімі Салауат Ғабдуллин.
Округ жазғы мал азығын дайындау маусымында 135 150 центнер шөп дайындаған болатын. Шаруалар қор артығымен жиналды, мал азықтан тарықпайды деп отыр.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер