29.05.2018, 10:30
Оқылды: 23

Жоба аясында теректілік 40 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты

Теректі ауданында «Өрлеу» жобасы мен «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасының жүзеге асуын бақылау мақсатында бір топ маман келді.

Елордамыздың төрінен келген қонақтар, ең алдымен, Подстепный ауылына ат басын тіреп, жаңа форматтағы бағдарламаның іске асу қарқынын бағалады. Содан соң аудан орталығы – Федоров ауылына келіп, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған тұрғындардың бірі Алтынай Бисенованың тұрмысымен танысты.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың төрағалық етуімен жалғасқан жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасы басшысы Балжан Баяхатова, бүкіл әлемдік банк кеңесшісі Қайни Манабаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Самат Хангереев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімінің басшысы Қайырғали Надырғалиев, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және ассистенттер қатысты.

-Биыл республикалық бюджеттен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 55915,0 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 46172,0 мың теңге бөлінді. 234 отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалынып, жұмысқа қабілетті 104 жанұя мүшелері келесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды: 40 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды; 5 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды; 46 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 13 адам қайта даярлау курстарына жолданды. Бір жолғы ақшалай жәрдемақы екі отбасына төленеді. Шағатай ауылдық округінде Бақытжамал Ищанова қозысымен 2 қой сатып алды, Ақжайық ауылдық округінен Айгенше Наженова үш айлық бұқа сатып алды, - деп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова теректіліктердің жай-күйін баяндады.

Жиында Астанадан келген қонақтар мен ауылдық округ әкімдері, ассистенттер сұхбаттасып, тәжірибе алмасты.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале