16.02.2017, 11:54
Оқылды: 38

Қаратөбеде жоғалған қос тұрғынның мүрдесі табылды

Жергілікті маманның айтуынша, жоғалып кеткен адамның бірі әйел адамның мүрдесі бүгін таңертеңгі сағат 9:30 шамасында аудан орталығынан 7-8 шақырым жерден табылса, ер адамның мүрдесі арада екі сағат өткенде, дәлірек айтсақ, таңертеңгі сағат 11:30 шамасында Үркіш қыстағына 4 шақырым жерден табылған.


Айта кету керек, қайтыс болған тұрғындардың екеуі де аудан орталығынан 14 шақырым жерде орналасқан Үркіш қыстағындағы «Әлия» шаруа қожалығының жұмысшылары.

Ендігі сәтте марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін облыс орталығына жіберілмек.

«Биылғы қыс мінезі өте құбылмалы болып отыр. Сол себепті тұрғындар қатты аяз, боран, бұрқасын, жел күшейген күндері үйден, соның ішінде алыс жолға шықпағандары жөн. Ең бастысы, сақтық шараларын ескерген жөн, - дейді Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Тілектесұлы.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале