12.12.2019, 18:36
Оқылды: 49

Жол кедергілерін салу басталып кетті

Біз анада Теректі ауданының орталығы - Федоров ауылында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасанды жол кедергілері салынатынын жазған едік.

terekti

Кешікпей, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аслан Даубаев, Федоров ауылдық округінің әкімі Әсет Аубакиров және аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Убишев кедергілер қойылатын көшелерді пысықтап өткен-ді.

Осылайша Сұңқар, Центральный, Достық, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Зрелов, Тракторный, Абай көшелерінде орналасқан кітапхана, халыққа қызмет көрсету орталығына, аудандық орталықтандырылған ауруханаға, саз мектебіне, дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне, "Ақжелкен" балабақшасына, Достық үйіне, Федоров қазақ орта мектебіне өтер жерлерде жол кедергілерін қою жоспарланған-ды. Қазір аталмыш
жұмыстар басталып та кетті. Нақтырақ айтсақ, Абай көшесінде екі жерде автокөлік жолына жасанды кедергі салынды.
Кедергілер мен жаяу жүргіншілердің арнайы жолақтары бар жерлерді жарықтандыру үшін бағана қойылып, қуат үнемдегіш диодтық шамдар да орнатылмақ.

Белгіленген жұмыстар желтоқсан айында толық аяқталады деп күтілуде.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале