17.04.2017, 14:17
Оқылды: 17

Жол мәселесі шешімін таппақ

Биыл Болашақ ауылында өткен аудан, округ əкімдерінің есеп беру жиынында тұрғындар Болашақ пен Қайыңды ауылдық округінің арасындағы 800 метр жолдың қиындығын сөз етіп, мәселе көтерген болатын. Енді, міне, сол тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескерілгендей.

Жексенбіде аудан əкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат депутаты Қайырбай Алтаев және бірқатар мекеме басшылары Болашақ ауылдық округінде болып, 800 метр жолды салудың жай-жапсарымен танысты. Осы жолды көтеріп, қайта салуға аудандық бюджеттен қаржы бөлу жағын қарастырды. Алдағы күндері болашақтықтар қиындық көрмей Қайыңдыға дейін жаңадан салынатын жолмен қатынамақ.

-Бұрын есеп беруде Болашақ ауылының тұрғындары маңызды мәселе ретінде сауал қойған болатын. Енді сол мәселелері рет-ретімен шешілмек. Жауапты мекемелерге жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды, тиісті мекемелерге тапсырып отырмын. Сонымен қатар осы аймақтың тұрғындары аудан орталығына қатынайтын өткел көпірі де қауіпті жағдайда. Сондықтан бұл көпір алдағы күндері қаражат бөлінген уақытта жөнделетін болады. Қазіргі күні аудан орталығына Ақпəтер, Жалпақтал ауылдық округтері арқылы қатынауда,- деді деді аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Болашақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале