30.10.2017, 17:15
Оқылды: 25

Жол салуда бірқатар жобаларымыз бар

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Туған жерге тағзым» атты бағдарламасы аясында жалпақталдық жерлестер туған жерде жүздесті.

Аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин мәртебелі меймандарды ауылға кіре берісте қазақи салт-дәстүрмен қарсылап алды. Келген қонақтар ауыл шетінде зиратқа барып, ата-баба рухына тағзым етіп, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев құран бағыштап, дұға оқыды. Мұнан кейін К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің мұражайымен танысып, академик Марат Есенғалиұлы өзінің қолтаңбасын қалдырды. Мұнан кейін Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылармен кездесті.

Мұнан кейін жалпақталдық жерлестер Мәдениет үйінде еңбек ардагерлерімен дөңгелек үстел басында кездесті.

-Бұл жолдың келуі,  салынуы Елбасының сарабдал саясатының арқасында салынып жатыр. Міне өздеріңіз көргендей Жалпақтал ауылына жетіп, Алла бұйыртса Қазталов, әр қарай Жәнібек ауданына  асамыз деген ойдамыз. Жол салуда бірқатар жобаларымыз бар. Оны іске асыруда барымызша жұмыстанып отырмыз. Әрдайым елдің жақсылығын бірге көрейік, Сіздермен кездесудің өзі бір мәртебе. Сіздер аман болыңыздар,-деп игі тілегін жеткізді Замир Сағынов.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Ғабидоллаұлы келген қонақтарға, ауылдың үлкендеріне ризашылығын білдірді.

 

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале