17.01.2017, 12:39
Оқылды: 26

Жол тазалығы - өзекті мәселе

Karatobe jol 02  Қаратөбе ауданындағы аутокөлік жолдарын қыс мезгілінде түскен қалың қардан тазалау кімнің құзырында? Жалпы, жол тазалау жұмыстары қалай жүргізілуде? Техника жеткілікті ме?

  Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсеновтің айтуынша, ауыл ішіндегі жолдарды қардан аршып, тазалауды Қаратөбе аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесі, Сырым-Қарақамыс бағытындағы жолдың 62-103 шақырым аралығын және аудан орталығынан ауылдық округтерге бағытталған жолдарды тазартуды «Бақыт жолдары» ЖШС жүргізеді.

  Биылғы жылғыдан қалың түскен қардан ауыл ішіндегі жолдарды тегіс қырып, қардан толық тазатуға техниканың күші жетіңкірмейді. Өйткені ауыл ішін тазалайтын техникалардың негізі дөңгелекті тракторлар.   Ал асфальтталған жолдарға күректі техникаларды салуға тиым салынған.

  • Жаяу жүргіншілердің көлік жолы жанындағы арнайы тас төселген

  жолдармен жүрулері сұралады. Көлік жүргізушілер жолдың тайғақтығын ескеріп, көлік жылдамдығын жоғарылатпауы, жол бойына қойылған жол ережелерінің белгілеріне сай талаптарды өз деңгейінде орындаулары шарт. Соның ішінде жылдамдықты шектеу белгісі қойылған ауыл ішіндегі жолдарда, мектептерге жақын орналасқан жолдарда көлік жылдамдығын белгіленген көрсеткіштен арттыруға тиым салынады. Көлік жүргізушілер жаяу жүргінші өтетін жолдарда жол ережесіне сай талаптардың орындалуына ерекше мән беруі тиіс. Жол ережелерінің қатаң сақталуын көздеген бірнеше шаралар жүргізілді. Осындай сауықтыру шараларын алдағы уақытта да жоспарға сай жүргізе бермекпіз, - дейді аға инспектор Айбек Нұрланұлы.

 Ерболат РАЙСОВ

                                                                                       Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале