24.01.2020, 17:02
Оқылды: 68

Жолаушы тасымалымен заңсыз айналысатындар бар

 

 Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен жиын өтіп, оған облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Серік Убишев, сондай-ақ аудандық полиция, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары және аудан орталығындағы жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлер Есенгелді Шағыров пен Марлен Сайхаденов қатысты.

janibek jol (2)

Жиын барысында қатысушылар жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға байланысты түйткілді мәселелерді ортаға салды. Ауданда «Жәнібек – Орал» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметімен ресми түрде тіркелген «Жәнібек» жеке кәсіпкерлігі (басшысы Е.Шағыров) шұғылданады. Оның қарамағында отызға жуық жүргізуші, механик және медицина қызметкері бар.

Айта кетелік, заңды түрде тіркелмей, жолаушылар тасымалдаумен айналысып жүргендер де жетіп артылады. Жиында оларға қолданыстағы заң аясында шара қолдану қажеттігі айтылды. Бұған бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе қимылдағанда ғана тосқауыл қоюға болатындығы ашық айтылды.

 

А.Құсайынов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале