22.11.2019, 11:42
Оқылды: 74

Жолдау бағыттарын түсіндірді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев жоспарға сай ауданның Жасқайрат және Ақоба ауылдарында партияның бастауыш ұйымы мүшелері және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

janibek joldau

Кездесулерде топ мүшелері елімізде, сондай-ақ ауданда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының негізгі бағыттары және «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Жиында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берілді. Мәселен, Жасқайрат ауылының тұрғыны Ж.Бисенова білім беру ұйымдарындағы тәрбие мәселесіне назар аударса, Ақоба ауылының тұрғыны Е.Ильясов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өту қажеттілігін тілге тиек етті. Ауыл тұрғыны М.Бисенғалиев ауылға келіп жұмыс жасайтын білім саласының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларымен (тұрғын үймен) қамтамасыз ету туралы айтса, осы ауылдың ардагерлер ұйымының төрағасы М.Мұхамбетқалиев аудан орталығымен қатынайтын 23 шақырым автомобиль жолын жөндеуден өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

 Кездесулерден кейін ұйымдастырылған көшпелі қоғамдық қабылдауларға қос ауылдың бірқатар тұрғыны жеке мәселе бойынша Біржан Қуанәлиевтің қабылдауында болды. «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев Ақоба ауылының тұрғыны Мұрат Мұхамбетқалиевті 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Н.Есенғали
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале