27.12.2018, 12:50
Оқылды: 81

Жуалыой ауылына табиғи газ қосылды

Жаңа жыл қарсаңында Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Жуалыой ауылына көгілдір отын жетті.

 IMG_3151

Аталмыш ауылға газ құбырын тартқан «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жұмысты межелеген уақытында бітірді. Жоба құны 122 286 470 теңге.

Көгілдір отынның алауын жағу рәсіміне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып, ізгі тілегін білдірді.

- Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін жетіп жатқан әлеуметтік саладағы жаңашылдықтар соның айқын дәлелі. Бүгін сіздің ауылға да көгілдір отын келіп жетті. Осының бәрі Елбасы қабылдаған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Табиғи газды игіліктеріңізге пайдаланыңыздар,-деді аудан басшысы.

Табиғи газ алауын аудан әкімі Н.Қарағойшин мен ұлағатты ұстаз К.Мәжитова жақты.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале