13.06.2019, 16:16
Оқылды: 103

Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай Алматыға сапар ұйымдастырылады

Келер жылы ғасырлық тойы атап өтілетін ақын Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығна қатысты тың деректерді, материалдарды жинақтау, жәдігерлерді толықтыру мақсатында Ақжайық ауданының өкілдері Алматы қаласына аттанбақ.

IMG_4035

Аталған датаға байланысты аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен Чапаевта Жұбан орталығы бой көтереді деп жоспарлануда. Алматыдан жинақталатын жәдігерлер осы орталыққа қойылады.

Олар Алматыда ақынның жары София анамен дидарласып, Кеңсайдағы ақиық ақынның қабіріне барып, зиярат етеді.

Жазушылар одағының хатшылығымен де кездесу жоспарлануда. Жұбан ақын туралы тың деректер жинақтау басты мақсат. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Жұмабай Құлиев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Есенғали Раушанов, белгілі ғалым, журналист Мақсат Тәжімұратпен, басқа да ақын-жазушылармен кездесіп, ақынның 100 жылдығын тойлау жөнінде кеңес өткізіледі.

Аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев бастаған, ақын Сағынтай Бисенғалиев, аудандық орталық кітапхананың директоры Роза Мұсағалиева, «AQJAIYQ» телеарнасының дикторы Біржан Кухаев, ақынның туған жері Құрайлысай ауылдық округінің әкімі Орынбек Жапақовтар бар топ сонымен қатар биыл 120 жылдығы тойланып отырған Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың ұлы Бекет Исаевтың шаңырағында да болуды көздеп отыр.

Бекболат Қаленов,

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале