17.07.2017, 18:13
Оқылды: 65

Жүйелі жұмысқа берілген оң баға

Deputattar Terekti   Теректі ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев келді. Оларды аудан әкімі Кәрім Жақыпов және аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев қарсылап, Теректінің бүгінгі тынысымен таныстырды.


    Халық қалаулылары бүгінгі таңда аудан көлемінде жүріп жатқан қарқынды құрылыстардың бірқатарын аралады. Алдымен, олар Подстепный ауылындағы 300 адамға арналып салынып жатқан Мәдениет үйінде болды. Құрылыс жұмыстары өте жақсы деңгейде. Халық алдындағы міндеттің 70 пайызы орындалған. Жергілікті халықты жұмыспен қамту жағы да ұмыт қалмапты.

      Одан кейін депутаттар Новопавлов ауылына ат басын бұрып, аудандағы ірі қожалық есебіндегі  «Мәдиев»  шаруа қожалығына тоқтады. Қожалық басшысы Сәлімбай Мәдиев ауданда, соның ішінде Новопавлов ауылында халық қолдауына ие болған игілікті жұмыстар жасалып жатқанын ерекше атап өтті. Игілікті жұмыс демекші, аталмыш ауыл тұрғындарының биыл таза ауыз суға қолдары жетеді. Новопавлов ауылындағы су құбырының құрылысы қазіргі таңда қарқын алып тұр. Келісім-шарттың жалпы құны 201 млн. 248 мың теңгені құрайды, мердігер – «KazConstructionGroup» ЖШС-і. Құрылыс алаңында 24 адам жұмыс жасауда десек, оның тең жартысы жергілікті тұрғындар. Сенат депутаттары жұмысшылармен тілдесіп, хәл-жай сұрасты.

     Ауданға келген депутаттардың жұмыс күні Ақсуат ауылында түйінделді. Бұл ауылда су жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Бюджеттен 144 млн. 480 мың теңге қаралып, «Аяла» ЖШС-гі мердігер боп танылып, қарашаға дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап та қойған. Құбыр құрылысында еңбектеніп жүрген 14 адамның 4-еуі жергілікті тұрғындар екен. Ол жөнінде Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Искалиева мәлімдеді.

  • Ауданда жүзеге асып жатқан жақсылықтарды естумен қатар, көріп, көңіл көншіп тұр. Аудан орталығынан бөлек ауылдардың жағдайы жақсы екен. Бірқатар елді-мекендер таза ауыз сумен қамтылмақ. Мәдени ошақтар бой көтеруде. Жол мәселесі шешіліп жатыр. Яғни, қарапайым халық қиналмай өмір сүруге барлық жағдай бар. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының жемісі деп білу керек. Бастысы, елімізде тыныштық, әлем Тәуелсіз Қазақстанға қызыға көз тастап отыр,-деді өз сөзінде Сенат депутаты Ерболат Рахметұлы.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале