26.01.2017, 15:43
Оқылды: 59

Жүйелі жұмыстар жалғасын табады

????????????????????????????????????

  Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Қамысты, Тау ауылдарының тұрғындары алдында есепті кездесуін өткізді.

  Аудан, ауыл әкімдерінің есебінен кейін тұрғындар ауылдың өзекті мәселелері жөніндегі пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, Қамысты ауылындағы мектеп мұғалімі Ринат Мұқатов ауыл ішінен аудан орталығына қарай шығатын жолдың қыста, көктем мен күздің лайсаң шақтарында қиындық тудыратынын,  ауылдағы мекемелерге ғаламтор желісін орнату қажеттігін, мәдениет үйінің ұзақ жылдардан күрделі жөндеу көрмегенін баян етті.


  Ауыл тұрғыны зейнеткер Айша Кенжеғалиева төтенше жағдай туындаған кезде техникалардың әзірлігі мен есебі талапқа сай болуы, үй иелерінің итті байлап ұстауы, ауылдағы дәріхананың дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен толықтай қамтылуы тұрғысында олқылықтардың ұшырасатынын сөзіне сүйеніш қылды.

  Ал Тау ауылындағы мәдениет үйінің қызметкері Аслан Есенов жоғары және арнаулы орта білім ордаларында оқып жатқан жастарды ауылға келіп қызмет атқаруға шақырды. Ауыл тұрғындары алдында аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы қорытынды сөз сөйлеп, жұртшылықтың көкейінде жүрген сұрақтарға айқын жауаптар қайтарды. Қос ауылдың тұрғындары да аудан әкімінің және Қамысты ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бекжан Неғметов пен Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұловтың жұмыстарына қанағаттанды.

                                                                                          Н.Өтей

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале