17.03.2017, 17:36
Оқылды: 20

Жұқпалы аурулардан сақ болған жөн  

 

Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалық етуімен аудан тұрғындары арасында жұқпалы індеттердің адын алу және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыпты жағдайда ұстау жөнінде жиын өтті.


Жиында аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Аманша Төлеуов, аудандық орталық аурухана директоры Зейіл Мағзомов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбек Ақсұлтанов атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.

Жиын барысында тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың «Д» есебінде тұрған балаларын анықтап, емделу-сауықтыру орталықтарына жолдауға ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс тасталды.

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале