25.07.2017, 15:31
Оқылды: 74

Жүлдегер әжелерді әкім қабылдады

 Zelenov ajeler ansamblin kabildadi  Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған «Қайран, біздің әжелер, арды ойлаған» атты облыстық байқаудың бас жүлде иегерлері «Ақниет» әжелер ансамблін қабылдады.


   - Елдің мәртебесін көтеретін саланың бірі -  өнер. Ал сахна киелі орын. Жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Жастарға үлгі, елге өнегелі іс көрсетіп келесіздер, -деген аудан басшысы әжелер ұжымына денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

   -Ансамбліміздің құрылғанына жеті жылдай уақыт болды. Салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттау, жастарға дәріптеу басты мақсатымыз. Ансамблі мүшелері зейнетке шықса да ел болашағы үшін еңбектенуде,-деген ансамбль жетекшісі, әнші, композитор Гүлбаршын Қасиетова жылы шыраймен қабылдаған аудан әкіміне ансамбль мүшелері атынан алғыс білдірді.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале