4.04.2017, 11:25
Оқылды: 71

Жүлделі орындардан көрінді

 

Орал қаласында аударыспақ және теңге ілуден 1996-1999 жылы туған жастар арасында ашық қала біріншілігі өтті. Жарысқа Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінен 9 спортшы қатысты.

Нәтижесінде, аударыспақтан Досбол Төлепбергенов пен Оралхан Ғаббасов «Ең жас спортшы» аталымына ие болса, Алижан Мамаев (50 келі) ІІ орын, Әділет Қайратов (50 келі) ІІІ орын, Алмат Оразбай (60 келі) І орын, Мирас Берікбаев (60 келі) ІІ орын, Азамат Сайфеддинов (80 келі)  ІІ орынды еншіледі.

Ал теңге ілуден Армат Шагиров ІІ орынға табан тіреді.

                                                                      А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале