12.03.2018, 12:04
Оқылды: 44

«Жұлдыз» үлгілі би ансамблі жүлдеге ие болды

 

Таяуда Орал қаласында «Батыс жұлдыздары» атты аймақтық би байқауы өтіп, аудан намысын қорғаған «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Байқауға Атырау, Ақтау және облысымыздың аудандарынан би ұжымдары қатысып, түрлі би жанрлары бойынша сынға түсті. 

Облысымызға белгілі хореограф Жанар Тайшыбаева жетекшілік ететін «Жұлдыз» үлгілі би ансамблінің кіші тобы «Балалар биі» аталымында «Бибика» биімен 12 ансамблдің арасынан І орынды жеңіп алды. Ал «Жұлдыздың» орта тобы «Халық стилилизация» номинациясы бойынша 9 би ұжымының арасынан ІІ орынды еншілеп, мәртебемізді арттырды.

Аталмыш аймақтық байқау тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қазылар алқасы да осал емес. Олардың қатарында Астана қаласының мемлекеттік филармониясының «Шалқыма» би ансамблінің қоюшы-балетмейстері, «Құрмет» медалінің, «Үздік балетмейстер» атағының иегері Л.Мұқаева, мемлекеттік «Наз» театрының әртісі, «Қарақат» мектеп студиясының ұстазы, «ALTYN» би театрының көркемдік жетекшісі А.Ермұханов, облыс мақтанышы «Назерке» би ансамблінің бас балетмейстері А.Тасболатова және өнертану кандидаты, доцент, Қ.Айтқалиева секілді білікті мамандар болды. Байқауға барлығы 40-тан астам би ұжымы қатысқан.

«Жұлдыздың» жетекшісі Жанар Тайшыбаева жас бишілердің ата-аналарына ерекше алғыс білдіреді. Өнер додасына барарда қолдау көрсетіп, өз қаражаттарына киім тіктірткен ата-аналардың бұл жеңіске қосқан үлестері орасан.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале