27.12.2018, 9:58
Оқылды: 44

Жұмаев ауылына газ тартылды

Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық округіне қарасты Жұмаев елді мекенінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді.

janibek gaz (2)

         Елді мекендегі әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмысы биыл маусым айында басталып, оған облыс бюджетінен 39557108,00 теңге қаражат бөлінген. Мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖШС құрылыс жұмыстарын 1 желтоқсан толығымен аяқтап шыққан. Ұзындығы екі шақырымға жуық газ құбыры жүргізілген. Жиырма бір тұрғын үй мен бір әлеуметтік нысанға газ тартылды. Әлеуметтік нысанға жылыту ошақғы салынып, іске қосылды. Біткен істің басына аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов арнайы барды.

         - Елбасының сындарлы саясатының және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының нәтижесінде аудан, ауылдарға, тіпті елді мекендерге дейін газ құбыры тартылуда. Бүгін сіздер де сол қуанышқа кенеліп жатырсыздар. Үйлеріңізге жылу барып, табиғи газдың қызығын көріңіздер. Жаңа жылда да осындай қуанышымыз көп болсын!-деді аудан әкімі.

         Ауыл тұрғыны Құбайдолла Сариев халықтың көптен күткен арманы орындалғанын айта келіп, Елбасыға, облыс, аудан әкімдеріне, осы іске атсалысқан барша азаматтарға жүрекжарды алғысын айтты. Аудан әкімі Азамат Сафималиев пен жергілікті тұрғын Амангелді Көшекқалиев көгілдір отынның алауын жақты.

janibek gaz (1) janibek gaz (3)

IMG_0030Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале