14.08.2017, 9:14
Оқылды: 65

Жұмағазы хазіреттің рухына арнап ас берілді

20728280_2003901209877884_8457277543923370051_nЖексенбі күні түс әлетінде Сырым ауданы, Тоғанас ауылдық округіне қарасты «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» мекенінде батыс өңіріне аты мәлім, ел-жұрт құрмет тұтатын әулие Дәдем ата - Жұмағазы хазіреттің рухына арнап ас берілді.


Әулиенің тікелей ұрпағы Ғарифолла Жанбозовтың баба әруағына арнап алтыншы мәрте беріп жатқан асына төңірегіндегі ауыл-аймақтардан, облыс орталығынан және алысты-жақынды аудандардан жалпы саны 600-дей адам қатысты.

Жиналған қауымның алдында сөз алған ақын, ардагер-ұстаз Дариға Мұштанова, тарихшы ғалым Сайлау Сүлейменов, ардагер спортшы Темірболат Құбашев, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, журналист Нұртас Сафуллин, тағы басқалары имандылық хақындағы, өткен тарихымыз, танымал қайраткерлер мен зиялылардың ел бірлігін, ұрпақ сабақтастығын нығайту жолындағы еңбектері туралы өнегелі әңгімелерімен бөлісті.

20728062_2003901549877850_8710168252612432830_nСонымен қатар ас барысында «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» қоғамдық қорының жетекшісі Ғарифолла Жанбозов жаңа оқу жылының қарсаңында Қадыр Мырзалиев атындағы Жымпиты орта мектебінің, Алғабас және Тоғанас мектептерінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 12 оқушысының әрқайсысына 25 мың теңгеден көмек көрсетті.

Ас соңында өткен әруақтарға құран бағышталып, жиналғандар баба кесенесіне зиярат етіп, Жұмағазы қауызының шипалы суынан алып, үйлеріне тарасты.

zhaikpress.kz

Суреттер Дариға Мұштанованың

facebook парақшасынан алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале