7.04.2017, 18:48
Оқылды: 27

Жұмыс секторына - 5 жыл

Aksai kitaphana Jymis sektorina 5 jil    Ақсайда орталық аудандық кітапхана жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету секторының ашылғанына 5 жыл толуына орай «Кітап -  жан дүниемнің айнасы» атты мерекелік кеш болып өтті.


   Аталмыш кеш, ең алдымен, «Мәңгілік елдің – мәңгілік парасат мекені – кітапхана» атты кітап көрме, қолөнер бұйымдарының презентациясымен, кітап инсталяциясымен ашылды. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету секторына өз үлестерін қосып жүрген қонақтар да шараның басы-қасынан табылды.

   -Бүгін біздің аудандық орталықтандырылған кітапхананың ішінде үлкен мереке, әдемі мәдени шара өтіп жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын аудандық әкімдіктің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  қолдауымен орталықтандырылған орталық кітапхана жанына мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторы ашылған болатын. 5 жыл бойына бұл сектор өз жұмысын жақсы атқарып келе жатыр. Облыста көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандармен жұмыс жасайтын кітапхана бар, ал басқа аудандарды бір-бір кітапханашыдан жұмыс жасайды. Біздің ауданда ғана осындай 4 қызметкері бар, психологы бар үлкен сектор жұмыс жасап отырғанын мақтаныш етеміз. Сектордың оқырмандары тұрақты. Әлеуметтік бөлімдегі тіркелген тізім бойынша көптеген оқырмандардың сұрауы бойынша кітаптарды үйіне апарып береміз, болмаса осында келіп оқитындары да бар. Компьютермен жұмыс жасайды. Жалпы кітапхана – адамзат ақыл ойының, ілім мен ғылымның, қазынасы десек, мүмкіндігі шектеулі жандардың осы қазынадан дәм татып, өздерінң барынша осы мүмкіндікті пайдалануына жағдай қарастырылып отыр. Осы абыройлы да мәртебелі істі атқаруда атсалысып келе жатырған кіапханашыларымызды , демеушілерімізді және осы сектордың тұрақты оқырмандарын жинап, соларға алғыс айтып алдағы жоспарларымызбен таныстырғалы отырмыз, - деді шараның ашылу салтанатымен құттықтау үшін сөз алған орталықтандырылыған кітапханалар жүйесінің директоры Дариға Нұрашева.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале