30.06.2017, 15:45
Оқылды: 41

Жұмыс табуға жәрмеңке жәрдемін тигізді

Janakala jymis tabuga jarmenke jardemin tigizdi   Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.


     Жәрмеңкеге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сай келуін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отырғандығын, осы орайда бос орындар жәрмеңкесінің жұмыссыз жүрген жандарға септігі тиетіндігін айтып өтті.

     Әдеттегідей, бұл күні де жұмыс берушілерден гөрі жұмыс іздеушілер қарасы көп болды. Дені зейнет жасына таяп қалғандар мен оқу орнын енді тәмамдаған жастар. Десек те, жұмыс іздеген жерлестеріміз өз таңдауларын жасады. Олар үшін аудандағы 28 мекеме өкілдері 39 бос жұмыс орындарын ұсынды.

    Аудандық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесі бойынша жоғарыдағы бос жұмыс орындарына кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі сәйкес келген 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ жастар тәжірбиесінен өтуге 5 жұмыс берушіге 5 адам жолданды.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале