20.09.2017, 14:33
Оқылды: 19

Жұмыс тобы Теректі ауданында кездесулер өткізуде

Теректі ауданына «Тұрақтылық кепілі - қауіпсіздік» жобасы аясында облыстық жұмыс тобы келді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов жүргізді.


Қазіргі таңда бүкіл әлемдік деңгейде үлкен проблемаға айналып отырған мәселелердің бірі- діни экстремизм және терроризм сияқты құбылыстар екендігі ақиқат. Елімізде дәстүрлі емес діни ағымдармен күрес жалғасуда, дегенмен діни ахуал түбегейлі жақсарды деу ерте. Осы орайда облыстық жұмыс тобының ауданға жасаған екі күндік сапарының маңызы бар. Жиында БҚО Дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов сөз алып, жоғарыда аталған жобаны жүзеге асыру аясында ақпараттық түсініктеме берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов еліміздегі, соның ішінде облысымыздағы дін мәселесінің өзекті екендігін айтып өтті. Басқосу барысында оқушылардың мектепке орамал тағып келу жағдайы, екпеден діни сенімді  сылтауратып бас тартқандардың көбеюі де сөз болды.

Жұмыс тобы Федоров, Покатилов, Ақсуат, Подстепный, Социализм ауылдарында болады.

БҚО Дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Жоламан Сәрсембі Федоров №1 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдардың жетігінде кетіп, опық жеген жандардың өмірін баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

Ал, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов ішкі істер қызметкерлерімен тілдесті. Осындай кездесулер Федоров қазақ орта мектебінің ғимаратында және Достық үйінде өтті. Жұмыс тобы ата-аналармен, медицина саласы қызметкерлерімен де кездесті.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале