30.09.2019, 18:45
Оқылды: 81

Жұмыссыз жастардың үйлеріне барды

Сырым ауданында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылғаны аян. Бүгінде орталықтың кеңесші мамандары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұса ауылдық округтерді аралауды бастады.

IMG-20190930-WA0016

 Ауылдардағы жастарға көңіл бөлу, оларды жан-жақты қолдау мақсатында Бұлдырты ауылдық округі бойынша 32 жастың үйіне бас сұқты. Олар округтегі жұмыссыз жастарды мекенжай анықтамасы бойынша іздеп барып, қал-жағдайларын біліп, жұмыска орналасуына ықпал жасап, түрлі сұрақтарына жауап берді. Заңгерлік кеңестер, бос жұмыс орындары, шағын кәсіпкерлікпен айналысу, мемлекеттік бағдарламалар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары барлық ауылдық округтерді аралап, жұмыссыз жастармен жүздеспек.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале