12.05.2017, 12:44
Оқылды: 24

Журналдың жүлдесі үшін дода өтті  

 

Орал қаласында республикалық ғылыми–әдістемелік, спорттық-патриоттық «Спорт  жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін каратэден турнир өтті.


Турнирге Зеленов ауданы Дариян ауылының спортшылары қатысқан болатын. Турнирдің өтуіне аталмыш журналдың редакторы Мұсағали Тасқалиев мұрындық болса, ұйымшылдықпен өтуіне мектеп директоры Ақжарқын Темірханова мен Дариян қазақ мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, спорт шебері Самат Жексенғалиевтер де ат салысты.

Салтанатты жиында сөз алған мектеп директоры А.Темірханова жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірсе, «Спорт  жұлдыздары» журналының бас редакторы М.Тасқалиев осы салада көп жылдан бері өлшеусіз қызмет етіп келе  жатқан  спорт саңыақтары Ресей Федерациясынан келген  ІІІ дан белбеу иегері А.Катенеевті «Достық», каратэден І дан белбеу иегері, спорт шебері С.Жексенғалиевты, мектеп  директоры А.Темірхановаларды «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін»  медалімен марапаттады.

Дарияндық жас өрендер биік тұғырдан көрініп, қоржынға 3 алтын, 1 күміс, 4 қоланы салды. Атап айтқанда Ө.Абдолла (кумитэ мен ката), Ш.Бердіғалиев  (кумитэ) алтын медальды еншіледі. Ал күміс медаль Д.Мочаловаға бұйырса, А.Бозымов, Н.Сағынғалиев, Р.Хуснитденов, Л.Ержігіт қола жүлдегер атанды. Командалық есепте дарияндықтар үшінші орынға ие болды.

 Гүлжан  СЕРІКҚЫЗЫ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале